«Учаске» іс-шарасы кезінде полицейлер тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуде

 

Атырау облысы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында Атырауда жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген 4 азамат анықталып, оларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қабылданды. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған 3 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсету үшін құзырлы мемлекеттік органдарға сұраныс хаттар жолданды. Мәселен, Құрманғазы ауданында жалғыз тұратын зейнеткер ер адам анықталып, оған әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудандық полиция бөлімі тарапынан жергілікті атқарушы органдарға тиісті өтініш жолданды. Учаскелік инспекторлар қызметтік міндетінен бөлек азаматтық ұстаным танытып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сынды игі істерге бастамашы болып отыр.

 

Осы орайда, жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын құқық бұзушылыққа жол бермеуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT