Үкімет ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді пайдалану ережелерін бекітті

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Қазақстан Республикасына тасымалдануы және Қазақстан Республикасы азаматтарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) ауқымды міндеттемелерін орындау ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылдың 1 наурызына дейін төленеді делінген онда.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін көлік құралдарын алғашқы тіркеу кезінде көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын растайтын құжат 2020 жылғы 1 наурызға дейін жол қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға тапсырылады.

2020 жылдың 1 наурызына дейін ҚР Ішкі істер министрлігіне аталған көлік құралдарын тіркеу бойынша шаралар қабылдау және көрсетілген көлік құралдарының санатын тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгілеу тапсырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521