Үкімет смартфонға 11 құжат енгізгелі жатыр

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев смартфонда болатын құжаттар тізімін жария етті.

«Өткен аптада eGov mobile қосымшасында болатын және тиісті заң қабылданған соң қағаз құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылатын цифрлық құжаттар туралы жазба жариялаған едім. «Қосымшаға енгізілген құжаттардан басқа тағы қандай құжаттардың смартфоныңызда болғанын қалайсыз?» деген сұрағыма сіздерден көптеген ұсыныс келіп түсті. Сол бойынша тізім жасадық» деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Асқар Жұмағалиев ұсынып отырған тізімге мына құжаттар кіріп отыр:

1. Төлқұжат

2. Жүргізуші куәлігі

3. Студенттік билет

4. Көліктің техпаспорты

5. Әскери билет

6. Диплом

7. Қаруды пайдалануға берілген рұқсат

8. Зейнеткер куәлігі

9. Аңшылық билет

10. Мүгедектігі туралы куәлік

11. Жылжымайтын мүліктің техпаспорты

«Осы құжаттардың бірқатарын мобильді қосымшаға енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдап, қажетті интеграцияны жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық. Ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету үшін аталған мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз» деді ол.

 abai.kz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика