Әулиеаталықтар ҚР чемпионатында жеңіске жетті

 

Бұл облысымыздың ел чемпионатындағы 9-шы жеңісі

 

Жамбыл облысы құрамасы көкпардан жастар арасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбылдықтар финалда Шымкент қаласынан 5:4 есебімен басым түсті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, Асен Арнұр «алтын салым» салды.

 

Бұл әулиеаталық жастардың ел чемпионатындағы 9-шы жеңісі.

 

Жамбылдықтардың көкпардан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатындағы жолы:

 

5:4 Түркістан облысы

 

9:2 Жетісу облысы

 

6:3 Алматы облысы

 

5:4 Шымкент қаласы.

 

Есжан Құрманбай баптаған құрам Талғарда өткен дода өз мықтылықтарын дәлелдеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT