«Ұлт мүддесін аспен де, таспен де қорғаймыз!»

Ел Президенті жаңа мақаласында ұлт мүддесін қорғауға қашан да дайын болуға шақырды.

«Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты көлемді мақаласы жарық көрді.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT