Ұрлық ауыр қылмыстар санатына көшті

Жаңа қылмыстық заң бойынша Қылмыстық Кодекске 188-1 бабы енгізілді, онда мал ұрлығы үшін жазаның ең ұзақ мерзімі – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Аталған заңға Қазақстан Республикасы Президенті 2019 жылдың 28 желтоқсанында қол қойды. Яғни, мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылды. Биылғы 5 айда аудандық сот өндірісіне ұрлыққа қатысты 7 қылмыстық іс түсті. Оның ішінде 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бойынша жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған, 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс бойынша соттылығы бойынша басқа соттың өндірісіне жолданды. 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс аудандық соттың іс жүргізуіне қабылданып, қаралу үстінде, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша жаңа заңға сәйкес 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотта қаралған ұрлыққа қатысты қылмыстық істердің барлығы дерлік меншік иеленушісіне залал келтіре отырып, қасақана қылмыстық іс-әрекеттермен жасалған.

Ұрлыққа қатысты қылмыстық істерді сотта қарап, не себептен, қандай жағдайларда жасағанын анықтай отырып, ой тезіне салатын болсақ, оның көпшілік себептері жұмыссыздыққа байланысты болып отырғанын көреміз. Қазіргі кезде, тепсе темір үзетін тұлғалардың жұмыс істемей, ұрлыққа баруына себеп жұмыссыздық десеңіз, қазіргі уақытта қаншама кіші және орта деңгейдегі кәсіпкерлердің жұмыс орнымен қамтамасыз етуі мемлекетімізде өте көп, егер адамның ізгі қасиеті бойынан жоғалмаса, жүрген ортасы оған теріс әсер ете алмайтыны анық десек болады. Сондықтан оған өзі ұмтылып, талпынса ғана оның бойындағы ізгі қасиет оянып, нәтиже берері сөзсіз.

Дұрыс тәрбиеленген адам қарапайым еліктегеннен саналы тәртіпке көшеді, мақсатты әрекетпен айналысуға, сыртқы жағдайлар мен шарттарға белсенді әсер етуге, оларды дұрыс бағалап, нақты әрекет жасауға және оларға тәуелді болмауға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез келген заң бұзушылық мінез-құлыққа, қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс.

Айтар ойымның түйiнi, бүгiн болмаса ертең әр нәрсенiң сұрауы болады. Ұрлық жасап олжаға батамын деп жүріп, қолға түсіп, сотталған қылмыскерлер «Ұрлық түбі – қорлық» деген халық даналығының ақиқаттығына ой тастап, жаман істен тыйылар деген ойдамын. Сотқа жеткен iстiң әрдайым да әдiл шешiмiн табары анық.

Динара СЕРІКБОЛОВА,

аудандық соттың жетекші маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521