Ұшақ неге теңселген? Ішкі тергеу нәтижесі шықты

Bek Air әуе компаниясының Ұшу қызметінің басшысы Эрик Сапаров 27 желтоқсанда Алматыда Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты ішкі тексерудің нәтижелерін жариялады. Бұл жайлы zakon.kz сайты хабарлайды.

Ол кестеде ұшақтың қалай ұшқанын көрсетті, онда әр секунд сайын ұшақ біресе солға және біресе оңға қарай қисайғанын көруге болады. 15-ші секундта ұшақ жерге тигенде қисаю тоқтады.

- Жел - 140, тыныш, 1000 метрден бәрі көрінеді, ерекше құбылыстар байқалмайды. Онда неліктен ұшақ теңселіп, бір қанатынан екінші қанатына ауысып, ауытқиды, бұған алған жылдамдық себеп пе? Біз алдымызда қандай ұшақ ұшқаны туралы деректерді алдық. Белгілі болғандай, алдымызда массасы 90 тоннаға дейін жаңа қозғалтқышы бар Мәскеуге бағыт алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 Neo ұшағы ұшқан. Енді ұшу уақытына назар аударыңыздар: 01:19 секунд UTC, яғни Алматы уақыты бойынша - 7:19. Оның жылдамдығы - 184 торап. Біздің Fokker 100 сағат 01: 20 секундта, жылдамдығы 155 торап боп ұшты. Яғни, арасы - 1 минут, Fokker 100 көкке көтерілгенде алдыңғы ұшақтың ауада қалдырған иірім ізіне барып шатасты, - деді ол.

Оның айтуынша, екі ұшақтың арасында ұшу уақытының аралығы кем дегенде 2 минут болуы керек.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521