Вице-премьер күрежол құрылысын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Құрманғазы ауданында болды.

Бұл жайлы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

«Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысқан вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекетінің жұмысын және республикалық маңызы бар «Ақтөбе–Атырау-РФ шекарасы» автожолы құрылысын тексерді.

zhol-2

«Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылған болатын. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1200 көлік құралы өтеді.

zhol-3

«Ақтөбе – Атырау-РФ шекарасы» автомобиль жолының қайта құру учаскелерінде де болған Роман Скляр мен Махамбет Досмұхамбетовке  мердігерлік ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс барысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

zhol-4

Жолдың жалпы ұзақтығы 893 шақырымды құрайды. Оның ішінде 545 шақырым жол Атырау облысының аумағынан өтеді. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 432 шақырым жол қайта жаңартылады (330-598 км Атырау-Ақтөбе, 616-893 км Атырау-Астрахан РФ).

zhol-5

Айта кетейік, жол-құрылыс жұмыстары екі бағытта жүргізілуде. Вице-премьер нысандарды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

сурет ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT