Көптеген елдерде волонтерлердің қоғамдағы рөлі ерекше.
Пандемиямен күрес кезінде волонтерлердің ел үшін атқарған ерен еңбегі – патриотизмнің, қайырымдылықтың және қамқорлықтың жарқын көрінісі екені сөзсіз.
Алдағы уақытта халық үшін іске асыруға болатын жобалардың туындауына волонтерлер арасындағы достық қарым-қатынастың, еркін кездесулердің де ықпалы зор.
Сондықтан, өзіңіз секілді ізгі жандармен танысып, ізгі істерге атсалысамын десеңіз «Азаматтық орталық» жанынан ашылған «ВОЛОНТЕРЛЕР КЕҢСЕСІНЕ» шақырамыз!
Біздің тараптан волонтерлер үшін: Волонтерлік қызметі барысында келеңсіз жағдайға кезіккен барлық волонтерлерге әрдайым психологиялық көмек; Алғашқы медициналық көмекті үйрету; Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек тренингі; Тимбилдинг; Тиімді әрі еркін кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.
Байланыс телефоны: 8 778 777 89 94 - Ақбөбек Тәттібекқызы Немесе «Азаматтық орталық» инстапарақшасына @gcenter.atr жазсаңыз болады.
Волотер және волонтер болғысы келетін достарыңды белгіле.