What's app мессенджеріндегі алаяқтардан сақ болыңыздар!

Фото:интернеттен

Соңғы уақытта көпшіліктің жиі қолданатын What's app мессенджерінде тұлғалардың жеке фотосуреттерін пайдаланып алаяқтық әрекетін іске асыру мақсатында түрлі хабарламалар жіберетін деректер тіркелуде. Алаяқтар мемлекеттік органдардың басшыларының да фотосуреттерін қолданып тұрғындарға хабарлама  жіберген.

Исатай ауданы полиция бөлімі Сіздерден қаражаттарыңызға мұқият болуға және мәселенің мән-жайын толық анықтамай себепсіз ешкімге қаражат аудармау керектігін ескертеді. Интернет-алаяқтық деректерінің алдын алу мақсатында жақындарыңыз бен таныстарыңызга сақ болу керектігі туралы бөлісуіңізді сұраймыз!

 

 

Руслан Бағытов,

Исатай аудандық полиция бөлімінің КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT