Қысқа тырнақ күтімі

Қазіргі таңда әлемнің сәнқойлары қысқа тырнаққа көшкен. Сәндегі қысқа тырнақты күту де тез, әрі тірлік істегенге ыңғайлы. 

Сындырып аламын ба деп қорықпайсыз. Тырнақ бояуын жаққанда да аз уақыт етеді, тез арада қалыпқа келтіре аласыз.

Сондықтан жасанды тырнақ пен ұзын тырнақтан арылуға кеңес береміз.

ТЫРНАҒЫҢЫЗ ҚЫСҚА БОЛСА, ӘДЕМІ МАНИКЮР ЖАСАРДА МЫНА КЕҢЕСТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Ұзын тырнаққа қарағанда қысқа тырнақтың үстіне кішкентай ғана сызат түссе де, көзге қатты көрініп тұрады. Сол үшін қысқа тырнақты бояғанда мұқият болыңыз және асықпаңыз.

Бояу қысқа тырнақты сопақ етіп көрсетуі керек. Ол үшін қанық және қара, қоңыр түсті бояулар қолданыңыз. Ашық түстерді мүлде қолданбағаныңыз жөн, ол тырнақты қысқа әрі жалпақ қып көрсетеді.

Маникюр жасағанда көлденең сызықты суреттерді таңдамаңыз. Ол қысқа тырнақты одан сайын қысқа, жалпақ қып көрсетеді. Ал, тігінен сызық түсетін суреттер, керісінше, қысқа тырнақты ұзартып, сопайтып көрсетеді.

Қысқа тырнаққа қолайлы дизайнның бірі – френч. Француз маникюры тырнақты көзге ұзындау қылып көрсетеді, әсіресе төртбұрышты қалыптағысы.

Егер тырнағыңыз жалпақ болып, оны кішкене сопақтап етіп көрсеткіңіз келсе, тырнақтың қақ ортасына ұзынынан сурет салдырыңыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521