Заң бұзушылар тыйылар емес

Аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полиция қызметінің негізгі міндеті –сырттан көшіп келушілерді есепке алу, тіркеу, «Халықтың көші-қоны» және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заңдарына сәйкес талаптардың орындалуын қадағалау, Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру, шығару, жеңілдетілген тәртіппен шетелдік азаматтарды тіркеу, визасы болмаса, ел аумағынан шығарып жіберу, өтінішхаттарды қабылдау, ресімдеу, қарау және тағы басқа да қағидаларды жүзеге асыру және түсінік жұмыстарын жүргізу.

Аудан бойынша күні бүгінге дейін 294 шетел азаматы есепке алынса,оның 283-і Өзбекстан Республикасының азаматтары. 203 шетелдік азаматқа рұқсат қағазы берілсе, оның ішінде, 61 шетел азаматы ұзартып алды. Биылғы 22-24 мамыр күндері аралығында аудан көлемінде «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық шарасы өткізілді. Онда 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шарасы алынды. Қазақстан Рес-публикасы ӘҚБтК-нің 517-ші бабының 5-ші бөліміне сәйкес шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауына байланысты және «Халықтың көші-қоны» Заң талаптарын бұзған немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алмаған Өзбекстан Республикасының 29 азаматының іс-құжаттары аудандық сотқа жоданып, тиісті әкімшілік шарасы алынды.

Сондай-ақ ҚР-сы ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының 4 азаматына және ҚР-сы ӘҚБтҚ-нің 492-ші бабының 1,2-ші бөліміне сәйкес 16 хаттама толтырылды. 382 бап бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы аудандық ішкі істер бөлімінің арызы бойынша азаматтығы жоқ Өзбекстан Республикасының азаматы Юсупов Содикжон Джумаевичке ҚР-сы шегінен 5 (бес) тәулік ішінде шығарып жіберу шарасы алынды.

Сонымен бірге алимент төлеуден жалтарушылар мен борышкерлерді іздеу бойынша аудандық сот орындаушысымен және жеке сот орындаушыларымен жоспарға сәйкес бірлескен іс-шаралар атқарылуда. Өткен жылы 1 борышкерге (М.Хамзинге) қатысты іздеу ісі жарияланып, биылғы жылы мекен-жайының анықталуына байланысты іздеуден түсірілді.Биылғы жылы аудандық соттан борышкер Н.Идирсалиевке қатысты іздеу жариялау ұйғарымы түсіп, ол да мекен-жайының анықталуына байланысты іздеуден қысқартылды. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы №583 бұйрығына сәйкес аудан бойынша 1366 нысанды өтініш, 40 төлқұжат, 138 жеке куәлік қабылданып, 440-ы есепке тіркеліп, 4 азамат есептен шығарылды.

Надежда АХМЕТҚАЛИЕВА,

аудандық ІІБ-нің КҚҚт-ның аға инспекторы,

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521