Заң мен тәртіп күшейсе

(0 Votes)

Қоғамның қалыптасуы үшін мемлекет тарапынан қабылданған заң жүйесінің маңызы зор.

«Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» - деді Президент Қасым Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы үнемі адам құқығын қорғау мемлекеттің басты міндеті екендігін айтады. Әсіресе, қоғамдағы жағдай мен өмір сапасын жақсарту туралы соңғы үндеуінде адам құқығын қорғауды күшейту туралы нақтылады.

Жалпы, егемен елдің ертеңі айқын болуы үшін адам құқығы қорғалып, мықты заң жүйесі қабылданып, адам мемлекеттің қорғауында екендігін сезіне білуі керек. Сонда ғана мемлекеттің басты байлығы болған адам өзінің қоғамға қажетті екендігін сезіне алады. Шынымен де қоғамның дамуы, орнығуы үшін заң мен тәртіп басты назарда болуы тиіс. Өйткені адам құқығы мен бостандығы қорғалған мемлекеттің келешегі де кемел болмақ.

Әрбір адам әрбір істеген ісін ойланып басып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Ал мемлекет тиісінше әрбір азаматтың құқығын қорғап, Ата заңымыздың қастерлеп, адам өміріне кесел келтіретін істерге бармауы керек.

Құлжанова Нұргүл Ғазизқызы,

Доссор кенті әкімі аппаратының бас маман-заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT