Заңсыз алынған жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылуы тиіс

Аудандық жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиында Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіру мақсатында Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Г.Құрманова бастаған түсіндіру тобы ауданымызға келіп, сала мамандары мен ауылдық округтер әкімдерінің көптеген сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, жеке тұрғын-үй құрылысы үшін берілген жерлерді уақытылы игеру, ауылдық жерлердегі құжат рәсімдеусіз өзіндік қосалқы шаруашылықтар салынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және тағы да басқа жерге қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға арнайы қатысқан аудан прокуроры Е.Хисметуллин шара барысында көтерілген мәселелерге қатысты өз ойын білдіріп, кейбір заң талаптарынан түсініктер берді.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521