Зайырлы мемлекет – тұрақты қоғам кепілі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында мемлекеттің зайырлы сипатын айқындау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ билік институттарын жетілдіру секілді маңызды бағыттар нақты әрі айқын көрініс тапқан.

Дін мен мемлекеттің ара-жігін ажырату, білім беру мен тәрбиенің зайырлы негізде жүзеге асуы – қоғамдағы тұрақтылық пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл – көпұлтты әрі көпконфессиялы ел үшін аса өзекті мәселе.

Сонымен қатар, неке мен отбасы институтын конституциялық деңгейде бекіту дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, отбасының қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама деп бағалауға болады.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру – құқықтық мемлекет құру жолындағы жүйелі өзгерістердің бірі.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің демократиялық қағидаттарын нығайтуға, қоғам мүддесін қорғауға және құқықтық мемлекет ретінде дамуына бағытталған өзекті әрі маңызды қадам деп есептеймін.

 

Әнес Сидеғалиев,

Исатай аудандық мәслихат депутаты,

Жеке кәсіпкер 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT