Заң күшіне енсе деп құптап отырмыз

Енді көпбалалы аналарға тағайындалатын жәрдемақы олардың табыс көлеміне тәуелді болмайды екен.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан көпбалалы аналарға жәрдемақы табысқа қарамай төленетіні, ал атаулы әлеуметтік көмек енді көпбалалы отбасыларға берілмейтіндігі туралы оқып біліп жатырмыз. Біздің түсінгеніміз, Үкімет атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын азайтады. Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Ол да дұрыс болар, заң күшіне енсе деп құптап отырмыз.

Жанаргүл Әжіғалиева,

көпбалалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521