ЗАҢСЫЗ АРТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУ ФАКТІЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізеді.

Сонымен қатар, Заңның 32-бабының 4-тармағына сәйкес, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн.

 Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша:

 мемлекеттік органдарға бару арқылы;

«Еqyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына,  яғни, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне мониторинг;

мемлекеттік қызметшілерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту мәселесіне қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде,  Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың бірқатар мемлекеттік қызметшілерінің құқықтары бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, 2024 жылы орын алған төтенше жағдай кезеңінде үстеме жұмысқа тартылған 2 мемлекеттік қызметшіге 991 584 (тоғыз жүз тоқсан бір мың бес жүз сексен төрт) теңге көлеміндегі тиісті ақысы өтелмегені белгілі болса, өзге мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасау фактісі анықталды.

Осы орайда, Департаментпен атқарылған шаралардың нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

 

Департаменттің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT