Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру қалай жүзеге асырылады?

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да қорда мерзімсіз уақытқа сақталады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптікжәне ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиетбойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған не ол бүкіл мұраның тағдырын айқындай алмаған кезде, сондай-ақ, азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлікке алу заң бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орныбойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлікберу туралы өтініш беру арқылы оны қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Заңның 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес, алушы, сондай-ақ,зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзегеасырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылынаарналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде беріледі.

Қолданыстағы заңнамада жерлеуге арналған біржолғы төлем үшін БЖЗҚ-ға жүгіну мерзімі бойынша шектеу көзделмегенін атап өткен жөн. Осыған байланысты заңнамада көзделген құжаттарды ұсынған кезде жерлеуге арналған төлем БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң да жүзеге асырылуы мүмкін.

Толық ақпаратты: Исатай ауданы, Аққыстау селосы Е.Қазақстан көшесі 14 үйде орналасқан БЖЗҚ-на келіп немесе  20093 телефоны арқылы алуға болады.

Рахметова Тілекші Хуатқызы,

«БЖЗҚ» АҚ Аққыстау ауылдық округіндегі

операциялық бөлімінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT