Зейнетақы жинақтарын қандай жағдайда алуға болады?

Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін жинақталған қаржы көлемі қанша болуы керек?

Бүгін бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, - деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің ұсынысы бойынша 30 жастағы ер азамат кемінде 6,7 млн, ал әйел адам 9,6 млн теңге жинақтауы тиіс. Сонда ғана қаржыны баспана алуға, емделуге немесе оқуға жұмсауға болады. Қазір мұндай мүмкіндікке зейнетақы қорының тек 113 мыңға жуық салымшысы ие. Қалғандарының қаржысы жеткіліксіз. Сондықтан Үкімет осы санатқа кіретін азаматтардың санын 700 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көбейтілуі мүмкін.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Қажетті сомаға дейін талап әр адамның жасына байланысты. 30 жаста 6,7 млн болса, ол ақша жеткілікті. Кейін өмір бойы ең төменгі зейнетақы алуға мүмкіндігі бар. Содан асқанын ала алады. 63 жасқа дейін тағы жинай алады. Қазір заң қабылдадық. Мен 52-ден асқанда аламын.

Шекті қаржы жинақтары ер және әйел адамдар үшін әр түрлі. 30 жастағы азаматтарда арадағы айырмашылық 3 миллион теңге. Яғни әйелдер ерлерге қарағанда осынша қаржыны көп жинақтауы тиіс. Бұған себеп – әйелдердің ұзақ жасауында дейді министрлік өкілдері.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT