Зейнеткер бірінші рет жеке басын куәландыратын құжат алды

Мұндай азаматтарды Атырау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы анықтап, құжатын рәсімдеу үшін қызмет көрсетіледі.

Олардың барлығы да Қазақстан Республикасының азаматының құжаттарына ауыстылмаған азаматтар, яғни ТМД елдерінің жарамсыз құжаттарымен немесе ССРО құжаттарымен жүргендер. Олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасына кәмелетке толмаған жаста немесе ескі құжатпен келген. Осыған байланысты бұл санаттағы азаматтар мемлекеттік қызметтен сондай-ақ, жәрдемақы алу құқығынан айырылған. Қазіргі уақытта құжатсыз жүрген азаматтарды анықтап, оларды ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарымен құжаттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері мұндай үлгідегі құжаттармен туу туралы куәліктер негізінде 9 азамат ҚР азаматының құжатымен құжаттандырылған.

Мысалы, Атырау қаласының 63 жастағы зейнеткері 32 жасқа толған уақытта 1990 жылғы үлгідегі құжатпен құжаттанып, одан кейін құжаттанбаған. Осы жылдар бойы ол ескі құжатпен өмір сүріп келген. Жаңа құжаттарын көші-қон қызметкерлерінің көмегімен он бес күн ішінде рәсімдеп, тәртіп сақшыларының көмектері үшін өз ризашылығын білдірді. Аталған санаттағы азаматтарға полиция құжаттарын рәсімдеу үшін көші-қон қызметіне жүгіну керектігін ескертеді - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521