Жұмыспен қамту қандай деңгейде?

Ауданымызда қазіргі кезде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Оның мақсаты - жұмыссыз азаматтарды, халықтың әлжуаз топтары мен әлеуметтік жағынан аз қорғалған, қорғауды қажет ететін азаматтарға көмектесу.

Осы орайда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Қуандық Сариевке жолығып, төмендегі мәліметтерді алған болатынбыз. Оның айтуынша, биылғы жылы жалпы халық саны - 28109 жеткен, оның ішінде белсендісі - 13875, бағдарламаға қатысуға хабарласқандар саны - 798 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны - 626 адам немесе 78% пайызды құрайды. «Жас-тар тәжірибесінде» - 22 адам, әлеуметтік жұмысқа - 25 адам, қоғамдық жұмысқа - 303 адам алынып, тұрақты жұмысқа - 276 адам орналасқан. Ал, ресми жұмыссыздар саны - 842 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі - 6,0 пайызды көрсетіп отыр.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқыту үшін биылғы жылға кәсіби оқытуға 15 адам, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға - 50 адам жоспарланып, күні бүгінге дейін барлығы - 33 адам оқуға жіберілген. Оның ішінде 16 адам шаштараз, газ операторы, визажист, ағаш жонушы, аргон дәнекерлеуші мамандықтарына оқуда. Сонымен бірге олардан бөлек 17 адам 1С есепшісі, маникюрші, аспаз, тігінші, ЭВМ операторы, кондитер сияқты оқуларға жолдама берілген.

Бағдарламаның екінші бағыты адамдардың кәсіпкерлік бастамашылығын қолдауға және оларды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді. Осы бағытта кәсіпкерлік негізде «Бастау Бизнес» тренингтік курсынан 145 адамды оқыту жоспарланып, күні бүгінге 52 адам оқытылып, сертификаттарын алып, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 3 адам 7,5 миллион теңге мал шаруашылығын дамыту және жолаушылар тасымалдау мақсатында несие алған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері барлығы - 37 адамға несие алуға жолдама берілсе, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на - 25 адам, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан - 7 адам, «Болашақ-Атырау» несие серіктесігінен 5 адам несие алуға үмітті.

Бағдарламаның үшінші бағыты жұмыссыз азаматтарды уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша «Жастар тәжірибесіне» қатысуға 55 адам жоспарланып, бүгінгі күні 13 мекемеге 22 адам уақытша жұмысқа алынған. Ал, әлеуметтік бағытта 25 адам уақытша жұмысқа жіберіліп, жұмыстарын жыл аяғына дейін жалғастыруға ниетті. Сондай-ақ, қоғамдық жұмысқа 303 адам уақытша жұмыстарға жіберіліп, жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде 26 адам тұрақты және уақытша жұмысқа алынған.

Орталық директорының айтуынша, бағдарлама шеңберінде 57 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта 16 адам еңбекке араласып, оның ішінде 10 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам қайта даярлау курсына, 1 адам кәсіпкерлік негізде оқытылып, 3 адам тұрақты жұмысқа және 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа жіберілген.

Аудан бойынша жыл басынан бері жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында 4 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтсе, онда 879 бос жұмыс орындарына сұраныс жарияланып, 187 жұмыссыз азаматтардың түйіндемесі алынған. Оның ішінде 36 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша құрылыс пен жайластыру, білім мен ғылым, қызмет көрсету, хатшылық, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету, өнеркәсіп және өндіріс, медицина және фармацевтика салаларында маман тапшы. Сонау тоқсаныншы жылдың басынан бермен қарай еліміздегі еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласын реттеу жүйесінде жұмыссыздықты жою мақсатында бірнеше құжаттар қабылданғаны белгілі. 2000-жылдардың басындағы кедейлік және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламалар, одан кейінгі кезеңдерде де осы бағытта бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылды. Содан беріде «Жол картасы» аталатын жұмыс орындарын сақтауға және жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы дайындалды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының да халықтың табысын арттыруды мақсат еткені айдан анық.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521