Жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

Ауданымызда жұмыссыздық деңгейі азайып келеді. Өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыс іздеуші ретінде 1492 адам аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгінді, 1524 адамға жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді, 74 адам «Жастар тәжірибесіне» жұмысқа тартылды.

- Мекемелердің сұранысы бойынша 23 адам компаниялар арқылы, 49 адам қайта даярлау курсы арқылы түрлі мамандықтарға,145 адам кәсіпкерлік негіздеріне, барлығы 217 адам оқытылды. Аудан бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін ресми жұмыссыздар саны 492 адам болып, жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызды құрады,- дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Р.Мұқанов.

Сондай-ақ жоғарыда аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өткен жылы 15 адамды кәсіби оқытуға, 40 адамды қайта даярлауға, 10 адамды біліктілігін арттыруға жіберу жоспарланса, облыстық бес колледжге 6 адам кәсіби оқуға жіберіліп, оқуларын жалғастыруда. Қайта даярлау курсына 48 адам оқуға жіберіліп, оқуды аяқтаған 49 адамның 46-сы тұрақты және уақытша жұмыстарға орналасқан.

Компания арқылы 23 адам (ағаш шебері, дәнекерлеуші) оқытылып, оқуларын аяқтаған. Оқуды аяқтаған осы 23 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан.

Жалпы барлығы 72 адам оқытылып, 69 адам уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 145 адамды оқыту жоспарланып, нақты 166 адамға оқуға жолдама беріліп, 145 адам оқуларын аяқтап және сертификаттарын алған. Шағын несие 43 адамға жоспарланып, 44 адамға 170 миллион 830 мың теңге әртүрлі мақсаттар үшін несие берілген. Үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмысқа 33 адам, қоғамдық жұмыстарға 637 адам уақытша жұмыстарға жіберілген.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521