Рамазан айында Хамит Ерғалиев ауылының 2000 жылы мектеп бітірген түлектері игілікті іс жасады.
Бұған дейін ораза кезінде көпшілікке ауызашар ұйымдастыратын әр жылғылар биылғы карантин мезгілінде көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты ауыл тұрғындарына азық-түлік себеттерін таратты.
-Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген ғой дана халық. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Біз де Рамазан айында қолымыздан келгенше, ауыл халқына көмектеспек ниетпен, жеті отбасыға азық-түлікпен көмек жасадық. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Басты міндетіміз- қамқорлық жасау. Мұқтаж жандарға аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсынуымыздағы басты мақсат - адамның азаматтық парызымызды өтеп, сауабы мол іске атсалысу, - дейді 1983 жылғы қыз-жігіттер атынан пікір білдірген Бекболат Наурызәлиев.
Жанашырлыққа риза болған тұрғындар азаматтардың осынау қайырымды ісіне риза болып, «ниет қабыл болсын, жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын» деген алғыстарын білдірді. Шынымен де, біз басқа уақыттарда жасаған іс-амалдарыңызбен дәл Рамазанда жететін марапатқа жете алмаймыз. Алла Тағала баршамыздың дұға, тілектерімізді, сауапты істерімізді қабыл еткей!
Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА