Жаңа Конституция – адами капиталға негізделген даму жолы

Жаңа Конституцияның басты басымдықтарының бірі – білім, ғылым, мәдениет және инновацияны ел дамуының негізгі бағдарлары ретінде көрсетуі. Бұл – Қазақстанның болашағына жасалатын стратегиялық инвестиция.

 Менің ойымша, мұндай қадам елдің экономикалық, әлеуметтік және интеллектуалды әлеуетін жедел дамытудың негізін қалайды. Адами капиталды басты бағытқа шығару азаматтардың білімін, дағдыларын және қабілеттерін шыңдауға ерекше мән беруді білдіреді. Мұндай тәсіл қоғамдағы кәсіби әлеуетті арттырып, азаматтарды белсенді ынталандырады.

Сонымен қатар, цифрлық ортада құқықтарды қорғау нормаларының енгізілуі – заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл шара елдің құқықтық мәдениетін нығайтып, цифрлық әділеттілікті сақтау мүмкіндігін береді.

Ең бастысы, адам құқықтары Конституцияның негізгі бағыты ретінде бекітілген – қоғамдағы негізгі құндылықтарды қорғаудың кепілі болып табылады. Бұл әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заң деңгейінде қамтамасыз ету арқылы әділетті қоғам құруға жол ашады.

 

Ақкүміс Аманбаева,

Исатай аудандық мәслихат депутаты, 

Жеке кәсіпкер 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT