Елімізде қабылданған соңғы өзгерістер халықтың саяси жүйеге қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Енді әр азамат шешім қабылдау процесіне белсенді араласа алады, өз құқығы мен мүддесін қорғай алады.
Адам құқықтары мен бостандықтары бұрынғыдан да нақты қорғалған: жеке бас қауіпсіздігі, теңдік және әділдік принциптері заңда айқын көрсетілген. Парламенттің рөлі күшейіп, билік тармақтары арасындағы теңгерім нығайғаны мемлекеттің ашық әрі жауапты болуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген қағиданың нақты бекітілуі азаматтар мен қоғам арасындағы сенімділікті арттырады. Бұл елдің тұрақты дамуына және әділ басқаруға жол ашады.
Қорыта айтқанда, жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды қадам, қоғамның құқықтық мәдениетін көтеріп, болашаққа сенімділік береді.
Асқар Абуов,
Нарын ауылдық округінің әкімі


