Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ЖШС-нің баспасөз орталығында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық жиын өтті.

Іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Шаяхметова, Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Анжанова, сондай-ақ «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев қатысты.

Жиын барысында спикерлер Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдеріне тоқталып, Парламент құрылымын бір палаталы жүйеге көшіру және кәсіби Парламенттің рөлін күшейту мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аяқталып, оның орнына Халық кеңесін құру жоспарланып отырғаны айтылды.

Андрей Кораблевтің айтуынша, Халық кеңесі заң жобаларын ұсыну, референдум бастамасын көтеру құқығына ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналады.

Жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жаңа Конституция жобасына қатысты сұрақтарын қойып, спикерлерден жан-жақты жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT