Жаңа Парламент 5 жылға сайланады — Мемлекет басшысы

Фото: Ақорда

 

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты. 

Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды. Сондай-ақ, ол бір палаталы Парламент туралы бастаманы халық қолдап отырғанын атап өтті.

Осыдан бұрын Тоқаев жаңа Парламенттте депутаттар барлығына бірдей ортақ тәртіппен сайлануы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар жаңа Парламенттегі мандат саны 145 болуы мүмкін екені айтылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT