Жабайы қоқыстар жойылуда

Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

mussorri

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған.

mussorri2

Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында «Арнаулы Автобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар жұмылдырылды. Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған.

mussorri5

Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521