«Жайықмұнайгазға» жаңа кәсіподақ төрағасы сайланды

Кеше «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподақ ұйымының конференциясы өтті.

Конференцияға басқарма басшысы Амангелді Тасқынбайұлы, басқарманың цех, учаске басшылары, 51 делегат және конференция қонақтары жоғарғы кәсіподақ ұйымы өкілдері қатынасты. Жиынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделұлы ашып, өз баяндамасымен таныстырып, кәсіподақ комитеті төрағаларына сайлануға үміткерлерге сәттілік тіледі.

Бұған дейін кәсіподақ комитеті төрағасы қызметін атқарып келген Самат Қабделұлы еңбек жолын 1975 жылы бастаған, ауданның атқарушы органдарында, атқару комитеті төрағасының орынбасары, Исатай ауданы әкімінің орынбасары болып қызметтер атқарған ол 1994 жылдан бастап «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік даму бөлімдерінің бастығы болып жұмыс жасады.

Осы жемісті жолда ұжым арасында үлкен беделге ие болып 2004 жылдың шілде айынан «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланып, сол жұмысты абыроймен атқарып келді. IV, V шақырылымдағы Исатай аудандық мәслихатының депутаты балғанын да айта кеткен жөн. Комитет төрағасының баяндамасы тыңдалғаннан кейін, тексеру комиссиясы өз хабарламасымен таныстырды.

k

k

Кәсіподақ комитеті төрағасын құпия түрде сайлау тізіміне 6 адам үміткер боп енгізіліпті. Жабық (құпия) сайлауға 51 бюллетень таратылып, сайлау жәшігін ашу кезінде 51 бюллетень болды. Жарамсыз бюллетень болған жоқ. Дауыстарды санау нәтижесінде кәсіподақ ұйымы төрағасы болып Айдарбеков Кенжебай Имашұлы сайланды.

Конференцияға қатысып отырған делегаттар кәсіподақ комитетінің қызметін талқылап, жарыссөзге қатынасып, басқарма кәсіподақ комитетінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Жоғарғы кәсіподақ ұйымы атынан Шанканов Кенжеғали ағамыз зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты Самат Қабделұлына шапан жауып, құттықтау хатпен сыйлық табыстап, алғысын білдірді. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының цехтық кәсіподақ ұйымдары да өз құрметтерін көрсетіп, алғыстарын білдіріп, сый сияпат табыстап, еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы ата деген атты иеленіп жүре беруіне тілектерін білдіріп, ардагерді салтанатты түрде шығарып салды.

k

Айта кетейік, бүгінгі күні «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымында 934 кәсіподақ мүшесі есепте тұрады, яғни басқармада жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығы кәсіподақ мүшесі болып табылады.

С.МҰРАТХАН

Cуреттерді түсірген Ә.ШАРАПИДЕНОВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика