Жайық, Қиғаш және Ембі өзендеріндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет

Өткен тәулікте, 5 сәуір 2024 ж.:

 

     Жайық өзені – Индербор кентінің гидропостында БҚО тарапынан судың келуі есебінен өзен деңгейі 52 см-ге көтерілді, 

     Жайық өзені – Махамбет кентіндегі гидропосттағы өзен деңгейі 14 см-ге көтерілді,

     Атырау қаласындағы Жайық өзенінің гидропостындағы су деңгейінде өзгеріс жоқ,

     Қиғаш - Шортанбай өзені су бекетіндегі тәулік ішіндегі өзен деңгейі 2 см-ге төмендеп, 204 см-ді құрады, бұл ахуал Вогоград су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшерінің азаюына байланысты қалыптасып отыр. 

     Ембі өзеніндегі су деңгейі төмендеді және гидрологиялық постқа жақындау мүмкіндігі пайда болды.

 

5 сәуірдегі жағдай бойынша Иректі су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшері 2300 м3/с құрайды, 6 сәуірдегі жағдай бойынша - 2170 м3/с. 

 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT