Жанбайда шекарашылар жетіспейді

Кеше Жанбай ауылында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы талаптарының сақталуы жөнінде басқосу өтті. Оған аудандық әкімдік өкілдері, №2016 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Т.Тайсингиров қатысты.

Жанбай ауылы Каспий теңізінде мемлекеттік шекара қолтығында орналасқан маңызды аймақ болғандықтан, әскерилер ұдайы осы өңірдің халқымен кездесуді әдет қылған. Өйткені, мұнда теңіз сауған балықшылар бар. Сондықтан,  талаптары мен міндеттері толықтырылып тұратын шекараға қатысты заңдағы өзгерістер мұқият түсіндірілді.

Сондай-ақ, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде бос жұмыс орындарының көп болуына орай насихат жұмыстары да жүргізілді. Бұл туралы айтқан №2016 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің аға офицері, майор Н.Орақов:  – Биылдан бастап әскерилерге «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» арқылы есепшот ашып, жеке пәтерге қол жеткізу мүмкіндігі беріліп отыр. Сонымен бірге заңда көзделгендей, әскерилер үшін басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан келісімшарт негізінде әскерге барған жастарды шекара қызметіне шақырамын, - деді. Офицердің сөзінен тағы бір ұққанымыз, қазіргі кезде әскерилердің еңбекақысы 180-200 мың теңге көлемінде екен. 

 

Аслан МҰРАТҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521