Жанбайлық азамат қара уылдырықпен ұсталды

Атырау қаласына бағыт алған жанбайлық азаматтың көлігінен бекіре уылдырығы табылды.

Бұл жайлы Атырау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болды.

«Атырау полицейлері 30 тамыз күні жедел іс-шара барысында «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған «Ваз-2114» көлігін тоқтатты.

Исатай ауданы, Жанбай селосының 1994 ж.т. тұрғынының басқаруындағы көлік салонынан салмағы 1 кг болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылып алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 339-бабы 1 б "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша жүргізілуде» делінген хабарламада.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521