Исатай ауданы, Жанбай ауылының тұрғыны көлденең оқиға орын алғанда көмегін тигізген полицейлерге ризашылық білдірді.
Жанбайлық тұрғынның ризашылығын білдірген бейнежазбасы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болды.
Бейнежазбада Жанбай ауылының тұрғыны Құрмет Сердекешов аяқ астынан мал қорасы өртенгенде алғаш көмекке келген учаскелік полиция Райымбек Өтешов пен көмекшісі Ринат Қуанышев екенін айтады. – Өзімізде құдық та жоқ еді. Көп көмегі тиген олар көрші үйдің құдығынан су тасып, тілсіз жауды өрт сөндіру мәшинесінен бұрын ауыздықтады. Қарапайым, жақсы жігіттер екен. Осындай қиын сәтте қасымыздан табылған полицей балаларыма алғыс айтып, еңбектеріне жеміс тілеймін, - дейді ағамыз бейнежазба арқылы жолдаған сәлемінде.
(Ескерту: видеожазбадағы сөйлемдер өңделді).
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

