Исатай ауданында «Жанұя және бала» іс-шарасы кезінде жайсыз отбасылар тексерілді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездікті болдырмау, оларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын-алу және балалардың құқығын қорғау мақсатында өтіп жатырған «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс шарасы аясында бөлімнің “жайсыз отбасы” санатында есепте тұрған тұлғалар мекен-жайларынан тексеріліп, олардың тұрмыстық жай-күйі туралы, әлеуметтік жағдайы туралы актілер жасақталды.
Алкогольдік ішімдіктің, отбасындағы жан-жалдың бала өміріне, денсаулығына, оның болашағына тигізер зияны мен жанұядағы бала тәрбиесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.