Республика күніне орай 22 қазан күні Мақат ауданы, Доссор кентінде “Адал жол — Честный путь!” ұранымен “Мақат марафон — 2025” атты аудан тұрғындары арасында жаппай жүгіру өтеді.
Мақат ауданы әкімдігінің хабарлауынша, іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.
–Марафон сағат 09:00-де Доссор кенті әкімдігі ғимаратының алдынан бастау алады. Спорттық іс-шараға кез келген тұрғын қатыса алады, — делінген ресми хабарламада.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ