«Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының қатысумен екі бірдей акция болып өтті.
Ел бойынша аталып өтілетін Жастар күніне орай ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Олардың алғашқысы Аққыстау ауылдық Ардагерлер аллеясында «Ардагерлерге – құрмет, ұрпаққа – міндет» атты тазалау акциясы еді. Ардагерлердің есімдері жазылған тақтайшаларды тазалау жұмыстарына атсалысуды міндетіміз деп таныған жастардың бұл еңбектері қатарластарына үлгі болары анық.
Одан бөлек сарбаздарымыз «Upgrade» акциясына қатысып, өздерінің белсенділіктерін танытты. Көшеде орналасқан орындықтарды сырлап, ауыл тазалығына мән берді. Осындай белсенді жастарымыздың жасап жатқан еңбектерін аудан жұртшылығы бағалап, қолдау білдірсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ