Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерде өзгеріс бар

Өткен аптада Исатай ауданына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Әйгерім Бекқалиева және Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филианың маманы Сәбит Аманбаев жұмыс сапарымен келіп, жергілікті зейнеткерлермен және мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аслан Мұратов төрағалық еткен кездесуде мамандар 2022 жылдың сәуір айынан бастап айлық есептік көрсеткіші (АЕК) өскен зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратпен бөлісті. Жиында сөз тізгінін алған Әйгерім Бекқалиева «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес-публикасы Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3180 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48032 теңге, мемлекеттік базалық төлемнің ең төменгі мөлшері – 20191 теңге, ең жоғарғы мөлшері - 37389  теңге және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 37389 теңге болғанын атап өтті.

img_6916

- 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап алынған мөлшерінен 4%-ға артты. Зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғарғы мөлшері 146280 теңге (3180х46 айлық есептік көрсеткіш). 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі ер адам үшін – 25 жыл, әйелдер үшін – 20 жыл болған жағдайда, зейнетақы мөлшерінің толық көлемдегі мөлшері 87768 теңге (146280 теңгенің 60 пайызы),  осыған 37789 теңге базалық зейнетақы төлемді (жалпы еңбек өтілі 33 жыл болған жағдайда) қосқанда барлығы 125157 теңгені құрайды. Егер еңбек өтілі толық болып, ескерілетін табыс болмаған жағдайда ең төменгі зейнетақы мөлшері 48032 теңге және мемлекеттік базалық төлемнің ең төменгі мөлшері 20191 теңге, барлығы – 68223 теңге болып белгіленеді. Ал, еңбек өтілі толық болмаған жағдайда, жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледі. Сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемнің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді, - деді ол.

Мамандардың айтуынша, күнкөріс деңгейінің мөлшері 37789 теңге және айлық есептік көрсеткіштің мөлшері – 3180 теңге болып өзгеруіне байланысты, барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өзгертілген. Мәселен, жәрдемақы  төлемдері, оның ішінде мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты І топ мүгедектігі белгіленген жандарға 71787 теңге (1,92 ЕТКД), ІІ топтағыларға 57206 теңге (1,53 ЕТКД), ІІІ топтағыларға 38885 теңге (1,04 ЕТКД) беріледі және 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері – 52345 теңгені құраған. Сондай-ақ бала кезінен мүгедектігіне байланысты 7 жастан – 18 жасқа дейінгі І топ мүгедектігі барларға 71787 теңге (1,92 ЕТКД),  ІІ топтағыларға 59449 теңге (1,59 ЕТКД) және ІІІ топтағыларға 44867 теңге (1,20 ЕТКД) және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін жәрдемақы мөлшері және І топтағы мүгедектің күтімі бойынша 52345 теңге (күнкөріс деңгейінің 1,4 пайызы) мөлшерінде жәрдемақы белгіленген.

img_6920

Басқосуда мүмкіндігі шектеулі жандардың тарапынан асыраушысынан айыры-луына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне қатысты сауалдар туындады.

Бұған қатысты пікір білдірген Әйгерім Бекқалиева: - Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінде де өзгерістер бар. Оның ішінде 1 еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 32155 теңге, 2 еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 55710 теңге, 3 еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 69710 теңге, 4 еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 73283 теңге, 5 еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 78144 теңге, 6 және одан көп еңбекке жарамсызы бар жанұяға – 78891 теңге, 1 тұлдыр жетім балаға – 44120 теңге, 2 тұлдыр жетім балаға – 88239 теңге, 3 тұлдыр жетім балаға – 132258 теңге, 4 тұлдыр жетім балаға – 176477 теңге, 5 тұлдыр жетім балаға – 220596 теңге белгіленді. Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшеріне келер болсақ, №1 Тізім бойынша 29956 теңге (9,43 АЕК)  және №2 Тізім бойынша 26649 теңге (8,38 АЕК). Арнаулы жәрдемақы мөлшерлері, оның ішінде ҰО соғысына қатысушылары мен мүгедектерге – (16,00 АЕК) - 50880 теңге, ҰО соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге - 24009 теңге (7,55 АЕК), ҰО соғысына қатысушыларына теңестірілгендерге 19685 теңге (6,19 АЕК), тылда еңбек еткендерге 6774 теңге (2,13 АЕК),  І ,ІІ топ мүгедектеріне 4739 теңге (1,49 АЕК) , ІІІ топ мүгедектеріне – 2036 теңге (0,64 АЕК) бөлінеді. Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД-ның шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған ҚР-ның әскери қызметшілеріне - 15264 теңге (4,8 АЕК), Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 15264 теңге (4,8 АЕК),  Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан ҚР-ның әскери қызметшілеріне - 15264 теңге (4,8 АЕК) мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған, - деді.

Кездесуде бұдан өзге, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы №63 Заңы бойынша көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері де баяндалды. Мамандардың сөзіне сүйенсек, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы, төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

- Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 20352 теңге (6,4 АЕК). Ал, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар: 4 баласы бар отбасыға - 50976 теңге (16,03 АЕК), 5 баласы бар отбасыға - 63728 теңге (20,04 АЕК), 6 баласы бар отбасыға - 76479 теңге (24,05 АЕК), 7 баласы бар отбасыға - 89231 теңге (28,06 АЕК), 8 және одан көп балаға – 101760 теңге (32,00 АЕК), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен. Сонымен қатар бала бір жасқа толғанға дейін күтімімен отырған аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері, оның ішінде бірінші балаға – 18317 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 21656 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24963 теңге (7,85 АЕК). Бірінші, екінші және үшінші бала өмірге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері - 120840 теңге (38 АЕК х 3180 теңге). Ал, төртінші және одан да көп балаларға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 200340 теңгеге (63 АЕК х 3180 теңге) өзгерді, - деп түйіндеді сөзін Әйгерім Бекқалиева.

Сондай-ақ мамандар Атырау облысы бойынша 187,0 мыңнан астам әлеуметтік төлем алушылардың төлем мөлшерлері өзгертілгенін және бұл төлемдер 2022 жылдың 1 сәуірінен өзгертіліп, төлемге маусым айында, яғни сәуір және мамыр айының айырмасымен бірге жүргізілетінін де еске салды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT