«Жарқыра» жайлы білесіз бе?

Жақында «Жарқыра» бағдарламасы жайында түсінік беру үшін облыс орталығынан ауданымызға арнайы топ келді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шеберлік сағатына біз де қатысып қайттық.

Бизнес-тренер Асқар Секербаев пен бағдарламаның Атырау облысындағы координаторы Ирина Горбаченко кәсіпкерлермен, сондай-ақ бизнеске ынталы азаматтармен ашық әңгіме жүргізді. Бағдарламаның қызметімен таныстырды.

jar1002

- «Жарқыра» – өмірді жақсы жаққа өзгертуге тырысатын Атырау облысының ең батыл, ынталы және бастамашыл тұрғындарына арналған байқау. Біз көбіне-көп қоғамда әлеуметтік кәсіпкерліктің айырмашылығын түсінбей жатамыз. Ол - қоғамның өзекті мәселелерін инновациялық жолмен шешуге көмектесетін әлеуметтік миссиясы бар бизнес иелері. Сондықтан да бұл бағдарлама көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Исатай ауданынан да көп ұсыныс түседі деген сенімдеміз, - деді Ирина Горбаченко.

Білгеніміздей, бағдарлама аясында 2016 жылдан бері білім беру, медициналық, интелектуалды дамыту, ойын-сауық және басқа салаларда 31 жоба қаржыланып, оған 67,7 миллион теңге қолдау көрсетілген. Ең бастысы - бағдарламаға тапсыру үшін жас шектеуі қойылмаған және ол әлеуметтік кәсіпкерлерге толық қолдау көрсетеді.

jarqira1102

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Біріншісі іріктеу кезеңі де, екінші кезеңде жобаға қатысушылар таныстыру семинары мен тренингтен сондай-ақ, тағылымдамадан өтіп, кеңес алып, соңында бизнес-жобаларын қорғайды. Оқытуға Алматы қаласынан біліктілігі жоғары жаттықтырушылар келеді. Үздік жобалардың авторлары қаржылай қолдау алады. Биылдан бастап 3 миллион теңге көлеміндегі пайызсыз қарыз 5 жылға беріледі. Пайызсыз несие алу үшін міндетті түрде кепіл қойылып, ол бірінші өтем есеп шотқа ақша түскен уақыттан жарты жылдан кейін бастап қайтарыла бастайды.

Орталық Азияның Еуразия Қоры мен «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатқан жобаға өтінім тапсыру осы жылдың 8-наурызына дейін қабылданады.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT