«Жас сақшы» полиция сыныбына арнайы қорғаныс құралдары таныстырылды

Атырау облысы полиция департаментінің Арнайы жұмылдыру және даярлық басқармасы мен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас сақшыларға полиция қызметінің ерекшеліктерін таныстыру, олардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру.

Кездесу барысында қызметкерлер оқушыларға арнайы қорғаныс құралдары мен қызметтік жабдықтарды таныстырып, олардың қолданылу тәртібін түсіндірді. Атап айтқанда, жеке қорғанысқа арналған сауытты кеудешелер, қорғаныс каскалары, жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу және жолын кесу кезінде қолданылатын арнайы құралдар, қорғаныс қалқандары және өзге де жарақтар көрсетілді. Сонымен қатар, аталған құралдардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызы айтылып, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Кездесу соңында жас сақшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің күнделікті жұмыс тәртібі туралы ақпарат алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT