"ЖАСӨСПІРІМ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Атырау облысы полиция департаментінің бастығының нұсқауына сәйкес, Исатай АПБ-ның ұйымдастыруымен аудан көлемінде 17-19 қыркүйек аралығында "Жасөспірім" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, түнгі уақытта ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар қабылдау.

 

✅ Құрметті ата-ана, балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз!

 

✅ Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз!

 

ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT