Жастар орталығы үздіктер қатарынан көрінді

Атырау облысының әкімдігі мен Жастар қызметкерлері қоғамдастығының ұйымдастыруымен 28-29 қараша күндері Атырау қаласында Жастар қызметкерлерінің республикалық конференциясы өтуде.

jasuzdi

Жастармен жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу және Қазақстанда жастар ісін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған конференция жұмысына еліміздің өңірлеріндегі жастар саясаты мәселелеріне жауапты басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының, республикалық жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысуда.

jasuzdic

Конференция барысында «Жастар ісі: тәжірибе және келешек» атты панельдік отырыс, бірнеше шеберлік сағаттары, жастар ісі саласындағы үздік әдістер мен құралдардың көрмесі де өтуде.

jasuzdict

Сонымен қатар кеше осы жоба аясында өткен «Үздік жастар ресурстық орталығы» республикалық байқауының қорытындысы шығып, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары арасынан үздік деген 4 жастар ресурстық орталығы марапатталды. «Алаш мәдениеті» және «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқауда үздіктер арасында Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының болғаны да аудан үшін үлкен абырой болды.

jasuzdicter

- Жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуы үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, жастар ресурстық орталықтары қызметін белсенді ету және ынталандыру мақсатында өткен республикалық байқауға өтінім тапсырып, біз де өз бағымызды сынауға бел буғанбыз. Нәтижесінде үздіктер қатарынан көрініп, қуанып тұрмыз. Мұның бәрі тек біз емес, ауданның белсенді жастарының да еңбегі, ортақ жеңіс болмақ. Алты ай бойы жүрген «Жастар ісі академиясының» да бізге берген мүмкіндіктері арқасында жастармен жұмыс деңгейі артып, білім мен тәжірибемізді шыңдап, Жастар жылында мол жетістікке жеттік, - деді қуанышымен бөліскен Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Набидоллаұлы.

Анаргүл ҚЫДЫРСИЫҚҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521