Жастар түсті сайысқа

18 маусым күні аудандық орталықтандырылған кітапханада Атырау облысы Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының әлеуметтік тапсырысымен, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ғибрат» интеллектуальдық сайысы өтті.

Мақсат - аудандағы жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу, жастар арасында патриотизм мен ауызбіршілікті нығайту. Кешті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмутов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Жүзден жүйрік», «Ұлық Имам Әбу Ханифа», «Адамзаттың асыл тәжі», «Құран - жанның шипасы» кезеңдері бойынша бақтарын сынаған «Ясин», «Фурқон», «Ғибадат» топтарының белсенділігі мен білімділігі өте жоғары деңгейде болды.

Аталған шарада «Зинеден Құрасұлы» мешітінің наиб имамы Ғ.Мадыбаев, «Қамысқала» мешітінің бас имамы Қ.Хайруллин, аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Г.Жұбанова әділқазылар алқасында мүшелікте болды.

Сайыс қорытындысы бойынша I орынды «Ғибадат», II орынды «Фурқон», III орынды «Ясин» тобы еншіледі. Жеңімпаздар дипломдармен бірге естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар сайысқа белсенді қатысқан жастар арасынан Б.Қойшыбек, Е.Зәл, М.Марданова, А.Қалиев, Б.Қылышбайлар Алғыс хат иеленді.    

Жаннат Орынғалиева,

ақпараттық-талдау орталығының маманы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521