Жастар жылы жабылды, Еріктілер жылы ашылды

Бүгін ЭКСПО павильондарының бірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу және Еріктілер жылының ашылу салтанатты іс-шарасы басталды.

Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласынан BAQ.KZ тілшісі хабарлайды. 2019 жыл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп жарияланды. Үкімет оны жүзеге асырудың Жол картасын қабылдады. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім алу, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, жас отбасын қолдау және т.б. шаралар қарастырылған.

oasjil191

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық жас өкілдер қатысып жатыр. Рәсімнің өтетін орны кездейсоқ таңдалмаған. Павильонда "ArtHU" - Шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылады. Бұл Жастар жылының өзіндік мұрасына айналады. Павильонның жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метрді құрайды. "ArtHUB" жастар жасаған art-инсталляциялармен LOFT форматында жасақталған және тақырыптар бойынша аймақтарға бөлінген.

jas-jil192

Айта кетейік, 2019 жылы жастарды қолдауға бағытталған 2,8 млрд теңге сомасына 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Жалпы, гранттық жобалар бойынша 2 миллионнан астам жас мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521