Жасыл болашақ – жастардың қолында

Фото: Видеодан алынған скрин

 

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық таныту және жастарды белсенді азаматтық ұстанымға баулу – алға қойылған басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Атырау қаласындағы «Ретро» саябағының «Batik Kami» арт кеңістігінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экомәдениет – жарқын болашақтың кепілі» атты экокездесу өтті.

–Бүгінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ертеңгі экологиялық қауіпсіздіктің негізі. Табиғатты сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Біздің мақсат – балалар мен жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйрету, экологиялық ойлау дағдысын ерте жастан қалыптастыру. Егер әр адам табиғатты қорғауды өз өмірінің бір бөлігіне айналдырса, елдің болашағы жарқын болары сөзсіз, — деді «Green Step School» экологиялық мектеп жобасының үйлестірушісі Алмат Тагибергенов.

Кездесу барысында қатысушылар экология тақырыбында еркін пікір алмасты, волонтерлік бастамалармен танысып, экологиялық өмір салтын ұстанудың жолдарын талқылады. Сонымен қатар «Green Step School» экологиялық жобасының арт-көрмесі мен шеберлік сағаттары өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT