Жауынгерлерге салтанатты түрде қарулары мен әскери техникасын бекіту рәсімдері өтті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында генерал-майор Нұрлан Алдияровтың бастауымен қауіпсіздік ережелерін жеткізу және жазғы кезеңге көшуге орай жеке құрамға штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы салтанатты түрде табыстау және бекіту кешенді сабақтары өткізілді.

photo_2021-05-27_11-52-53

Кешенді сабақтың барысында жеке құрамның күнделікті әскери өмірдегі және жауынгерлік дайындық барысында жарақат алу қаупі бар жағдайлар қарастырылды. Әскери бөлімдердегі осындай іс-шараларды әр оқу кезеңі басталғанға дейін жылына екі рет өткізіп отырады.

photo_2021-05-27_11-52-28

- Сабақты сапалы өткізу мақсатында жеке құрамның арасында жарақаттану және қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерін алдын-алу үшін жауынгерлік дайындық сабақтары кезінде, жауынгерлік машиналар паркінде және күнделікті әскери өмірдегі әр түрлі іс-қимыл алгоритмін көрсететін он бір оқу орының әзірледік. Әсіресе әскери техникаға қызмет кқрсету, атыс жаттығулары мен улы жәндіктерден қорғану мәселелері мен алғашқы медициналық көмек беруге зейін қойдық, - деді өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғауды бөлімінің бастығы подполковник Владимир Горячев.

e98a2679

Кешендік сабаққа барлық санаттағы әскери қызметшілер, сондай-ақ азаматтық персонал да қатысты. Сондай-ақ, оқу кезеңі басталар алдында әскери бөлімдерде жас толысымдағы жеке құрамға олардың қару-жарағы мен әскери техникасын салтанатты түрде табыстап, оларға бекіту рәсімі өткізілді.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT