ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ: АТА-АНА НАЗАРЫНДА

сурет ғаламтордан

 

Балалардың жазғы демалысқа кіріскенімен бірге олардың бос уақыты артып, қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие болады. Әрбір ата-ана үшін баланың амандығы мен қауіпсіздігі – ең басты міндет. 

Бұл міндетті орындауда уақтылы қауіпсіздік ережелерін таныстыру және олардың дұрыс сақталуын қадағалау – шешуші рөл атқарады. Исатай аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі мен ювеналды полиция тобының инспекторлары тұрғындар арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осы бағытта арнайы ақпараттық жадынамалар дайындалып, олар емханаларда, балабақшаларда және ата-аналар жиі жиналатын қоғамдық орындарға таратылады. Бұл жадынамаларда балалардың терезеден немесе биік жерлерден құлауына жол бермеу үшін қолданылатын сақтық шаралары жан-жақты баяндалған.

Қоғамдық орындар мен үй жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек ата-аналардың ғана емес, сонымен бірге барлық тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Полиция қызметкерлері тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше назар аударуды және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды ұсынады.

Баланың қауіпсіздігі – қоғамның болашағы. Сондықтан ата-аналар мен қоғам өкілдері балаларды сақтыққа үйретіп, олардың демалысы мен ойын-сауығын қауіпсіз етуге бар күшін салуы тиіс. Бұл – әр отбасының ғана емес, тұтас қоғамның, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.

Қысқаша айтқанда, балалардың қауіпсіздігін сақтау – бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі. Жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу үшін ата-аналарға және қоғамға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Исатай аудандық полициясы тарапынан жүргізіліп жатқан ақпараттық насихат шаралары осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

 


Айсұлу ТЕЛЕУБАЕВА,

аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полицич инспекторы полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT