banner_damu

Жазушы Жан Ақжанов мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

Қаламгер 5 жылдан бері жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кітап жазумен айналысады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.                                                                          

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында жазушы, қоғам қайраткері Жан Ақжанов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыбы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру. Кездесу барысында жиналған қауым жазушының шығармашылығына қанық болып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалдарын қойды.                     

- Бізде шенеунік, мемлекеттік қызметшіні қандай да бір жаман адам, жемқор деген ой қалыптасып қалған. Менің міндетім бұл стереотипті бұзу.Біздер біріншіден, салық мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Халықтың салықты уақытында төлеуі өте маңызды. Және оны әр адам жете түсіну керек. Салыққа төлеген ақшаңыз сізге тегін қызмет көрсететін денсаулық саласына немесе керек уақытта шақырған полиция, жедел жәрдем қызметіне кетеді. Салық ол халықтың басты қазынасы, - деді Жан Ақжанов.

«Степь и судьба», «Сладкий дождь», «Путь врача», «Аудит счастья» атты ерекше шығармалардың иесі бүгінде 200 беттік повесть жазып жатқанын айтты. Бұл повесть жалғыз салық қызметкерлеріне емес, мемлекеттік қызметкерлерге арналады. Сонымен қатар, ол бұл тақырыпта шығармалар аз екенін алға тартты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика