ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

фото: интернеттен

Жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп- өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кесел.

 Бұл дамушы елдердегідей біздің елімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Біздің мемлекетіміз  жемқорлықпен  жыл сайын белсенді күресіп келеді. Оған еліміз бойынша  қабылданып жатқан түрлі мемлекеттік шаралар  дәлел бола алады.

«Жемқорлық – індет, оған қарсы күрес –міндет» деп жиі айтамыз. Ендеше,оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату.

 Біздің қоғам ақ ниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет. Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы жемқорлыққа тиімді түрде қарсы тұруға тиіспіз.

                                                                           

Аябек ЛҰХПАНОВ,

  аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT