"Азаматтарға арналған үкімет" Атырау облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланған арнайы жиын өтті.
Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жемқорлыққа қарсы бірқатар маңызды заңды шараларды жүйелі жүргізу көзделген.
Жиын барысында аталған заңдағы соңғы өзгерістер туралы айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ жұмыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша практикалық шаралармен танысуды мақсат еткен шара ұжым мүшелері үшін де пайдалы болғаны сөзсіз.
Бұл жүздесулар азаматтар тарапынан ұйым қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың айқын мысалдары талқыланып, жазалану әдістері, сондай-ақ, ең бастысы, оны болдырмаудың алғышарттары турасында сөз
қозғалды.
Қоғамда тақырыпқа қатысты түрлі келеңсіз жайттар орын алып жататыны жасырын емес. Бірақ, заң аясында бәрі де лайықты жазасын алары сөзсіз. Бұл ретте, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты мүлде болдырмаудың бірқатар тәсілдері мен алғышарттары бар. Оларды білу әр азамат үшін өте маңызды.
Еске салайық, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады.