Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

 

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді. 

"Жемқорлық - жегі құрт". Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресте оның алдын алу маңызды. Яғни, індеттің жолын кесу үшін профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып отыруы шарт.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, превенция басқармасының бас маманы Айдана Аманиязованың айтуынша, антикор қызметінің басым бағыттарының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру. Бұл бағытта өткен жылы 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 фактісі анықталды. 

Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. Жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 914 адам сотталған.

 

 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражатты қайтарған. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын ілгерілету аясында 900 мыңнан астам әртүрлі мақсатты топ өкілдерін қамтыған 7,5 мыңға жуық іс- шара өткізілген", - дейді А. Аманиязова. 

Сондай-ақ, жиын барысында аудиторлар да қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT